• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қараша, 2020

Халықаралық кредиттік рейтингке ие болды

227 рет
көрсетілді

Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігінің кредиттік рейтингі - шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингі ("ЭДР") «BBB-» берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Білісбеков атап өткендей, Қазақстанда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация алғаш рет инвестициялық санаттағы халықаралық кредиттік рейтингке ие болып отыр.

«Бұл рейтинг кредит төлеу қабілетінің жақсы екендігін, несиелер бойынша төмен болжамдарды, қаржылық міндеттемелерді уақтылы өтеу мүмкіндігі дәлме-дәл бағаланатындығын білдіреді. ӘКК-ның одан кейінгі даму кезеңдері және өсу нүктелері – облигациялық қарыздардың сыртқы капитал нарығына шығарылуы», - деп атап өтті А. Білісбеков.

Оның айтуынша, Fitch Алматы ӘКК-нің рейтингісін мемлекетпен байланысты компаниялардың рейтингісі әдіснамасы негізінде бағалады, өйткені ӘКК Алматы қаласы әкімдігінің меншігінде және өз қызметін жүзеге асыру үшін қалалық бюджеттен қаржыландырылады.

Мысалы, 2015-2020 жылдары Алматы ӘКК қалалық азық-түлік қауіпсіздігі қорын қаржыландыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін 46 млрд.теңге сомасында жеңілдетілген несиелер алды.

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі ерекше бақылауда. Алматы ӘКК бағаны ұстап тұруының басты тетіктері:- тұрақтандыру қорынан азық-түлік интервенциясы;- жеңілдетілген қарыз беру арқылы кәсіпкерлік субъектілерін (сауда желілері, ірі жеткізушілер) тарту;- демалыс күндері жәрмеңкелер мен 28 сауда павильондарының қызметі халыққа ӘМАТ-ын орташа нарықтық бағадан төмен бағамен ұсынады.