Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицейлер жүргізген іс-шараның үш күнінде 416 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды.
Оның ішінде спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келудің 91 дерегі тіркелді. Сонымен бірге, 6 мәрте көлiк құралын басқару құқығынан айрылғандардың көлік жүргізгені анықталып, ұсақ бұзақылық дерегі 25, тыныштықты бұзу 41, кәмелетке толмаған заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүру 15 рет тіркелді.
Қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарған 103 жүргізушіге, автокөлікті масаң күйінде басқарған 7 адамға тиісті шаралар көрілді.