• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2013

Бас прокуратура Дубайда қамалғандарға көмектесе алмайды

235 рет
көрсетілді

Бас прокуратура Біріккен Араб Әмірлігі Дубай қаласында тұтқындалған Қазақстанның 12 азаматы мәселесімен айналыспайтынын, бұл істі еліміздің ішкі саясат құрылымы бақылауы қажеттігін мәлімдеді. Бұл туралы Total.kz хабарлады.

Осыған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары бетінде жарияланғандай, Біріккен Араб Әмірлігі аса ауыр қылмыс бойынша еліміздің 10 азаматына іздеу жариялаған. Ал жақында ғана Дубай полициясының қолына түскен біздің 12 азаматтың мәселесімен Сыртқы істер министрлігі айналысуда.

Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков журналистерге берген сұхбатында тұтқынға алынған 12 азаматқа қатысты байламды Сыртқы істер министрлігінің тұжырымынан кейін айтуға болатынын, сондай-ақ, қашқын экс-банкир Мұхтар Әбіләзовтің әйелі Алма Шалабаеваға қатысты тергеу ісінің аяқталмағанын атап өтті. Қазір оның жалған құжат жасатқаны туралы айғақтар жан-жақты тексерілуде. Осы және өзге мәселе бойынша оның жүрген жерлеріне сұрау салынған. Сондықтан олардан жауап келгенше, нақты мәлімет жариялауға ертерек. Ал М. Әбіләзовтің өзіне қатысты Францияда 5 желтоқсанда кезекті сот отырысы өткізілетіні белгілі болды. Ол Англия Жоғарғы сотының шешімі бойынша елімізге 300 млн. доллар қайтаруы тиіс.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Total.kz

Соңғы жаңалықтар