• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қараша, 2020

Атырауда “Мемлекеттік қызметшілер” аллеясы ашылды

307 рет
көрсетілді

Атырауда 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Мемлекеттік қызметшілер»  аллеясы ашылды. Шараға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салауат Мүксімовтің айтуынша, аллеяда әйнектен жасалған 11 стендте еліміз тәуелсіздік алған кезден бері мемлекеттік қызметті дамытудың маңызды үш кезеңі қамтылвп отыр. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен транспаренттілігінің көрінісі сипатталыпты.

«Аллея «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшінің еңбегін ұлықтау үшін ашылған еді. Мұнда әйнектен жасақталған стендтер мен мемлекеттік қызметке жаңадан келген қызметшілердің ашық аспан астында ант қабылдауына арналған алаң бар» дейді Салауат Мүксімов.