• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 30 Қараша, 2020

Бірлескен мәлімдеме жобасы қаралды

514 рет
көрсетілді

Сенаттың бірқатар депутаты ТМД Парламентаралық Ассамблеясының тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты.

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы ТМД Парламентаралық Ассам­блея­сының Әлеуметтік саясат және адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты.

Covid-19 коронавирус инфек­циясының таралуына қарсы іс-қимыл шаралары отырыстың негізгі тақырыптарының бірі болды. Атап айтқанда, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының «Covid-19-ға қарсы іс-қимылдағы парламенттердің рөлі туралы» бірлескен мәлімдемесінің жобасы қаралды.

«Парламенттердің Covid-19-ға қарсы тұрудағы рөлі туралы» бірлескен мәлімдеме уақтылы әрі қажет болып отыр, өйткені біздің елдеріміздің парламенттері, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі, сондай-ақ басқа елдердің парламенттері мен парламенттік ас­самблеялары ынтымақтасып, жаһан­дық пандемияны жеңуге көмек­тесуі керек», деді Мұрат Бақтияр­ұлы.

Сенатор сондай-ақ қазақ­стан­дық тарап осыған дейін бұл жоба бойынша ескертулер мен ұсы­ныстар жібергенін атап өтті. Тұрақты комиссия талқы­лаудан кейін қазақстандық парла­мент­шілер жолдаған барлық ескер­тулерді қабылдады.

Сенат депутаты Нұрлан Қы­лыш­баев та ТМД-ға қатысушы мем­ле­кеттердің Парламентаралық Ассам­­блеясының Экономика және қаржы жөніндегі тұрақты комис­сиясының отырысына қатысты.

Отырыс жария-жекеменшік әріптестіктің түрлі мәселелерін реттейтін құжаттарды әзірлеудегі үшінші кезеңді аяқтайды. Бұған дейін ТМД ПАА Squire Patton Boggs компаниясымен және Еуро­па қайта құру және даму бан­кімен ынтымақтаса отырып «Жа­рия-жекеменшік әріптестік туралы» үлгілік заңды әзірледі және ТМД-ға қатысушы мемлекет­терде жа­рия-жекеменшік әріп­тес­тік тетік­терін дамыту және қол­дану жөнін­дегі іс жүзіндегі ұсы­ным­дарды да­йындауға кірісті.

ТМД Парламентаралық Ассам­блеясының Мәдениет, ақпарат, туризм және спорт жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына сенатор Динар Нөкетаева да қатысты.

Отырыста ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің цифрлы даму саласындағы ынтымақтастығы туралы ұсынымдар жобасын және ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде баспа басылымының міндетті данасын электронды нысанда беру мәселесі бойынша бірыңғай тәсілдерді белгілеу жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, сондай-ақ тұрақты комиссияның басқа да мәселелері талқыланады.