• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қараша, 2020

Авиажолаушылардың 89%-дан астамы ПТР-анықтамаларымен келген

108 рет
көрсетілді

29 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Германия, Египет, БАӘ, Түркия, РФ, Украина, Қырғызстан және Тәжікстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

2 746 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 458 адам, анықтамасыз 288 адам - ҚР азаматтары келді. Оның ішінде:Алматы қаласының әуежайына - 9 рейс, 1 505 жолаушы, анықтамамен - 1 389, анықтамасыз - 116.Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 10 рейс, 1 232 жолаушы, анықтамамен - 1 060, анықтамасыз - 172;Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 9 жолаушы анықтамамен келді.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 288 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.