Ресей ғалымдары COVID-19-ға қарсы жасаған «Спутник V» және «ЭпиВакКорона» вакциналары бағасының бір-бірінен айырмасы аз деді Ресейдің «Вектор» вирусология және биотехнология орталығының бас директоры Ринат Максютов, деп хабарлайды Egemen.kz.
Егер естеріңізде болса, қазан айының басында Ресей Монополияға қарсы қызметінің сол кездегі басшысы Игорь Артемьев «Спутник V» бағасының 1 мың рубль көлемінде болатынын хабарлаған еді.
Бүгінге дейін «ЭпиВакКорона» вакцинасының 35 мың дозасы шығарылып, оның 5 мыңы зерттеу жұмыстарына, ал қалған бөлігі желтоқсан айында айналымға шығады деген Ринат Максютов: «Ешбір препаратты аурудан 100 пайыз қорғайды деп санауға болмайды, вакцина адамды аурудың ауыр өтуінен қорғап, ажалдан сақтап қалуды көздейді. Сондықтан вакцинациядан соң да тұмша тағып, сақтық шараларын азайтпау керек» деген.
Максютовтың айтуынша вакцинаны тәжірибеден өткізу жасөспірімдер арасында да жүргізіледі. Жастары 60 –тан асқан 50 ерікті қазірдің өзінде өздеріне вацинаны тәжірибе ретінде салдырған көрінді.
Ұлыбритания COVID-19-ға қарсы америка-неміс компаниялары бірігіп шығарған Pfizer и BioNtech вакцинасын қолдануды мақұлдаған алғашқы ел болуы мүмкін.
Bloomberg және Financial Times, хабарлауынша вакцина өте жақын арада тіркеуден өтіледі. Бұғанн қоса біріккен корольдік үкіметі Moderna фармкомпаниясы шығарған препаратты сатып алу көлемін 7 млн дозаға дейін ұлғайтуды шешкен.
Желтоқсанның 3-нен бастап чех билігі елде вирус тарауының азаюына байланысты келушілердің санын асырмай, бақылауда ұстап дүкендерді ашуға рұқсат бермекші.
Үкімет коменданттық уақытты алып тастап, қатысушылар санын шектей отыра спортты шаралар өткізуге де рұқсат берген. Бұлайша жеңілдіктің жасалуы бизнесі қиындыққа ұшыраған кәсіпкерлердің көңілдеріне жағып, алдағы жақсы күндерге үміт отын жаққан тәрізді.
Коменданттық сағат алынғанымен, азаматтарға сақтық шараларына көңіл бөлу жағы қатты ескертілген көрінеді.