Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полициясы 23 қараша күні облыс орталығының көшелерінің бірінде Тойота Ланд Крузер автокөлігін тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құжаттарын тексеру барысында 1988 жылы туған қала тұрғынының автокөлікті құжатсыз басқарғаны анықталды. Ол 2019 жылы автокөлікті мас күйде басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.
Жүргізушіге Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612 бабының 3 бөлігімен (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданған.
Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотымен оған 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.