• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Желтоқсан, 2020

Қарақаттың дауысы қайран қалдырды

727 рет
көрсетілді

Junior Eurovision XVIII ән байқауында ел намысын қорғаған Қарақат Башанова 2-орынға ие болды. Жас талант өнер додасында Forever әнін шырқаған еді.

Ал Францияның атынан қатысқан Валентинаға бірінші орын бұйырса, үшінші орынды испаниялық Солеа иелен­ді. 2020 жылғы Junior Eurovision байқауына Беларусь, Франция, Грузия, Қазақстан, Мальта, Ни­дерланд, Ресей, Сербия, Испания, Украина, Польша және Германия елдерінен өнерпаздар қатысты.

Junior Eurovision XVIII ән байқауының жеңімпазы қазылар алқасының дауыс беруімен және онлайн-дауыс беру арқылы анықталды. Дауыс беру жүйесі дәстүрлі негізде: 50% қазылар алқасының шешімі және 50% онлайн-дауыс беру нәтижесіне байланысты.

Қазақстан Junior Eurovision ән бай­қауына алғаш рет 2018 жы­лы қатысқан еді. Онда Данэ­лия Төлешова «Өзіңе сен» әні­мен алтыншы орынға ие болды. Ал 2019 жылы Ержан Мак­сим «Арманыңнан қалма» әні­мен екінші орынды (қазылар алқа­сының шешімі бойынша бірін­ші) иеленді. Бұл жолы «Хабар» агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдасқан мүшесі болуының арқасында ел өнерпаздары халы­қаралық байқауда үшінші рет бағын сынады.

Еске сала кетейік, 26 қыр­күй­екте өт­кен ұлттық іріктеу фи­налына еліміздің түкпір-түк­пірінен он екі бала қатысқан еді. Олардың арасында Алматы облысының Рысқұлов ауылынан келген Қарақат Башанова жеңіске жетті.