Түркі әлемі адамзаттың тарихи-мәдени мұрасында маңызды орын алады. Ол адамзат руханиятының, өркениетінің негізі, орталығы. Түркілердің өркениетке қосқан үлесі орасан. Сол себепті іргелі зерттеу мен айрықша назар аударуды қажет етеді. Түркі өркениетінің негізгі идеялары мен жаһандық өркениеттегі, тарихтағы рөлі Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Дала мұрасы» кітабында ерекше аталып өткен.
Ұлы даланың философиясы – жаһандық өркениеттің дамуына әсер еткен ұлттық мұраның бөлігі екені сөзсіз. Дәстүрге, тарихқа, мәдениетке құрмет рухани негіз саналып, ол ұлттық құндылықтың өзегі болып табылады.
Дала – ең алдымен рухани кеңістік, жаһандық тарихтың орталығы. Осы тұста Елбасының идеялары мен заманауи әлемнің модернизациясына қатысты философиялық ойларын ерекше атап өткім келеді.
Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дала мұрасы» кітабы бәрінен бұрын жаһандық жаңалықтар арасындағы түркі өркениетінің жиынтығы. Бүгінгі әлемнің орны мен рөлін түркілік бірегейліксіз трансформациялау қиын. Көшпенді өркениеті – заманауи әлемнің негізі мен рухани қаңқасы.
Дала призмасы арқылы басқа өркениеттің барын білдік. Қазақ даласы ерекше адами код ретінде жаһандық өркениеттің бөлігіне айналды. Ұлы дала ғарыш пен адамзатты байланыстыратын Жер шарының кіндігі саналады. Ұлы дала мұрасы толықтай түркі халықтарының руханияты болу арқылы адамзатқа ортақ құндылықтардың ажырамас бөлігі.
Нұрсұлтан Назарбаев өз кітабында Ұлы далаға қатысты жүйелі көзқарастың негізгі императивтерін қалыптастырған. Онда Қазақстан Ұлы дала елі ретінде таныстырылады.
Елбасы еңбегінің негізгі идеясы – Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына жаңа көзқарас. Нұрсұлтан Назарбаев кітабында басымдық берген Ұлы даланың жеті қыры Ұлы даланың түркі өркениетін қалыптастырудағы тарихи және рухани рөлінің маңыздылығын көрсетеді.
Жаһандық көшбасшының стратегиялық көзқарасы, ойшыл-саясаткердің қасиеті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жаһандық ауқымдағы жағдайларды көруге мүмкіндік береді. Әсіресе түркілердің біртұтастығы, түркі елдерінің рухани жақындасуы ұлт көшбасшысының түркі жаһандануын қаншалықты терең көретінін тағы бір мәрте дәлелдейді.
Оның ойынша, Түркі әлемі ХХІ ғасырда жарқын болашаққа ие болуға барлық мүмкіндік пен ресурсқа ие. Өмір шындығы мен түркітілдес елдердің интеграция үдерісі Елбасының стратегиялық дәлдігін сөзсіз көрсетіп отыр.
Назарбаев – жаһандық деңгейдегі көшбасшы, түркі әлемінің мойындалған рухани әкесі саналады.
Түрік тілінде шығарылған кітап тарихқа түркі әлемі мен түркі ерекшелігі жайындағы негізгі әрі көлемді еңбек ретінде кіреді. Назарбаевтың кітабы – жаһанның заманауи мәселелері мен геосаясатына жаңа көзқарас.
Елбасы болмысынан, тумысынан бастамашы, Түркі руханиятының біртуар архитекторы.
Сұлтан РАЕВ,
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Бас хатшысының орынбасары, Қырғыз Республикасының халық жазушысы,
ТМД мемлекетаралық сыйлығының лауреаты