• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Желтоқсан, 2020

Мерекені мазмұнды өткізеді

220 рет
көрсетілді

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонынан бастау алады. NIS-тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің атақ­ты күйлері орындалады.

Бірінші желтоқсанға Зияткерлік мектептер желісінде ауқымды бағдарлама жоспарланған. Мерекелік марафонды алғашқылардың бірі болып Өскеменде «Елбасы сүйген ел әні» бастады, бей­не­чел­лендж Қарағандыдағы және Пет­ро­­павл­дағы Зияткерлік мектептерге жол­­­данды.

Оралда «Президенттің бастамала­ры» тақырыптық NIS Tallks өтеді. Қос­танайда «Елбасының кітаптары» атты виртуалды көрме әзірленуде. Қызы­лордадағы зияткерлік ойынға оқу­шылармен бірге олардың ата-аналары да қатысады. Павлодарда «Замандастар жырлары» жобасы аясында дикторлар клубы көркем оқудан «Тәуелсіз елдің ұландары» байқауын ұйымдастырмақ. Шымкент қаласындағы физика-матема­тика бағытындағы НЗМ «Ұрпақтар са­бақ­тастығы» жобасы аясында оқу­шы­лар ата-әжелерімен бірге Елбасы­ның кітаптарын оқиды.

Талдықорғанда кездесуге «Алтын домбыраның» екі дүркін иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреа­­ты Жандарбек Бұлғақов шақырылды. Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектепте «Ел­ба­сы – Мәңгілік ел көшбасшысы» атты онлайн конференция өтеді.

Барлық Зияткерлік мектептерде «Бү­гін­гі шаңырақ көшбасшылары – бо­лашақ ел көшбасшылары» көшбасшылар форумы мен «Әлем таныған Елбасы» TEDx конференциялары, «Қазақстандық жол. Н.Назарбаев» виртуалды экскурсиялар мен «Ел тірегі – Елбасы» кітап көрмелері, «Елбасының қолтаңбасы» (эссе) және «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» (сурет) байқаулары, қайырымдылық акциялары, спорттық эстафеталар мен тимбилдингтер, «Елім­нің бағы – Елбасы» атты концерттер мен өзге де шаралар жоспарланған.

Мереке күндерінде барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қашықтан ұйымдастырылған «Туған елге тағзым» тарихи-өлкетанулық зерттеу экспедиция­­­сы өз мәресіне жетеді. Әрбір өңірде балалар төрт бағдардан өтті: тарихи мұра («Ұлы Дала өркениеті»); табиғи қорық («Туған өлкем – жұмақ мекен!»); мәдени мұра («Ұлт руханияты – бабалар аманаты»); инновациялық даму («Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует»).