• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2013

Оралда субсидияны жалған төлеу дерегі анықталды

236 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласындағы «Кроун-Батыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры жауапқа тартылды. Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлады.

Кеше қалалық сотта судья Мағира Қитарова Евгений Алиевті Қылмыстық кодекстің 177-бабы, 3-тармағында қарастырылған «ірі көлемдегі алаяқтық» жасады деп айыптап, мүлкін тәркілей отырып, үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейтін болады. Ал Зеленов ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бұрынғы бастығы Нұрлан Ақаев «салдыр-салақтығы» үшін айыпталып, 1 жылға бас бостандығы шектелді. Алайда, ол рақымшылыққа ілініп, жауапкершіліктен босатылды.

Қылмыстық істе көрсетілгендей, 2011 жылы «Кроун-Батыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сиыр етін дайындаушылар үшін берілетін арзандатылған бағадағы құрама жемге субсидия алатындар тізіміне енгізілген. Осының негізінде серіктестік дайындаған әр кило ет үшін мемлекеттік бюджеттен 220 теңге ақша бөлініпті. Қомақты қаржыны иеленіп қалу мақсатымен Е. Алиев Зеленов ауданындағы кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөліміне өндірілген ет жөнінде жалған мәлімет ұсынған. Осы бөлімді кезінде басқарған Н. Ақаев құжаттардың талапқа сай еместігін біле тұра, серіктесті субсидия алатындар тізіміне енгізіп жіберіпті. Соның салдарынан Е. Алиев басқаратын серіктестікке 13 млн. 828 мың теңге төленген. Осы соманы судья серіктестік басшысына мемлекетке кері қайтаруға міндеттеді

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Мой город»  

Соңғы жаңалықтар