• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Руханият 01 Желтоқсан, 2020

Даланы тербеткен сырлы саз

381 рет
көрсетілді

Ұлы композитор Шәмші Қалдаяқов есімі бүкіл қазаққа ортақ. Жамбыл өңірі үшін де ұлы тұлғаның орны ерекше. Сексенінші жылдардың орта шенінде Жамбыл ауданы, бүгінгі Жалпақтөбе (бұрынғы Дунгановка) ауылында тұрған композитор осы жерде әйгілі «Дүнген қызы» әнін жазған. Ақын Сабырхан Асановтың сөзіне жазылған лирикалық ән бүгінде бүкіл қазақ даласын сырлы сазымен тербетіп тұр.

Биыл аты аңызға айналған атақты композитордың туға­нына 90 жыл толуына орай, жуыр­да «Рухани жаң­ғыру» бағ­дарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасының ая­сында Тараз қаласындағы «Бала­сағұн» орталық концерт залында «Шәмші-ғұмыр» атты еске алу кеші өтті. Кешке елі­мізге танымал эстрада ән­шілері қатысып, концерт залының фойесінде келушілер үшін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы қолөнершілердің кітаптары мен бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды. Ал кеш барысында жүргізушілер жинал­ғандарға еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың құттықтау хатын оқып берді.

Жалпы, Шәмші Қалдаяқов тағдыры күрделі тұлға. Осы орайда композитордың өмі­рінен көпшілік біле бер­мей­тін сахналық көріністер қо­йылды. Мәселен, Шәмшінің анасы Са­қып­жамалмен кез­десуі, ананың перзентіне деген ақ тілегі кө­рер­менді ға­жап әсерге бөледі. Сонымен қатар жаң­бырлы күн­дердің бірінде Са­ғыныш есім­ді арумен танысқан көрінісі де на­ным­ды шықты. Кеш барысында Асқар Тоқпанов атын­дағы облыстық қазақ драма театрының әртістері Исраил Сапар­­байдың «Сыған серенадасы» музыкалық драмасынан үзінді сахналады. Мұнда да Шәмші ғашық болған сыған қызы Изольда бейнесі жарқырап көрінді. Бағдат Сәмединова, Сәкен Майғазиев, Досымжан Таңатаров, Гүл­ми­ра Ақүрпекова, Саят Ме­деуов, Айгүл Мақашева, Кен­жебек Жанәбілов және елі­міз­ге белгілі өзге де өнер ше­­­бер­­лері композитордың ән­­де­­рін нақышына келтіре орын­дады. Сондай-ақ Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармония әншілері де өнер көрсетті. Кеш соңында өнер­паздардың қатысуымен Қазақ­стан Республикасының Мем­лекеттік Әнұран орындалды. Жалпы, Шәмші Қалдаяқов әсем ән­дері­мен қатар, еліміз­дің Әнұранның авторы ретінде де көпшілікке белгілі. Кеш со­ңында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев сөз алып, Шәмші әлемі туралы әңгімеледі. «Ұлы маэстро туралы естеліктер оның әрбір өлмес туындыларымен бірге өмір сүреді. Оның әндерін кәрі де, жас та сүйіп тыңдайды. Олар­ды тыңдай отырып, біз­дің жанымыз ерекше күй кешеді. Композитордан қалған рухани мұралар халқымыз үшін ерекше құнды десек, артық айтпағандық. Біз оның еңбектерін одан әрі насихаттай беруіміз керек. Ке­лесі жылы Шәмші Қалдаяқов атын­дағы Халықаралық бай­қау өткізуді жоспарлап отырмыз», деді ол. Өз сөзінде композитордың қарындасы Рай­­хан Қалдаяқова «Ағам бала кезі­нен музыкаға өте жа­қын болды. Оның әндерін бірнеше буын ұрпақ шын ынты­зарлықпен шыр­­қауда. Біз­дің халқымыз оның ән­дерін ықы­ласпен тыңдап, шыр­­қап жатса, ағамның есімі еш­қа­шан өшпек емес. Бүгінгі кон­цертті ұйым­дастырғандарға, бар­­лық қаты­сушыларға алғыс ай­т­қым келеді», деп өз әсерімен бө­лісті.

 

Жамбыл облысы