• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2013

Ливанның терістігінде ұрыс қимылы тағы басталды

291 рет
көрсетілді

Бүгін, 1 желтоқсан күні Ливанның солтүстігінде сунниттер мен алавиттер арасында қайтадан ұрыс қимылдары басталды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Ливанның Триполи қаласының солтүстік бөлігінде кескілескен ұрыс қимылдары жүріп жатыр. «Әл-Манар» телевидениесінің хабарына қарағанда, түнде суннит-содырлардың бір тобы алавиттердің Джебель Мохсендегі анклавына шабуыл жасап, кепілге адам алып кетуге әрекет жасаған. Қарулы шабуыл оқиғаға Ливан әскерлері араласқаннан кейін уақытша тоқтап тұрған кезде орын алды», - деп мәлімдейді агенттік тілшісі.

Бұл қақтығыстардан тоғыз адам қаза болып, тоғыз солдатты қосып есепке алғанда қырық адам жарақаттанып қалды..

Жексенбі күні таңертең Захрия, Азми және Карам көшелерінде, сондай-ақ Сириямен шекара аумағынан тартылатын халықаралық тас жолдың бойында атыс басталды. Содырлар тағы гранатометті белсенді түрде қолдануға кірісті. Бұл әрекет жұртты баспаларда тығылуға мәжбүр етуде. Көлемі жағынан елдегі екінші қалада тіршілік тоқтап қалды.

Сириядан 30 шақырым жердегі Триполиде болып жатқан оқиғаларды Бейрут комментаторлары өз елдеріндегі жағдайлармен байланыстыра қарастырып отыр. Мұнда Сирия бүлікшілері Ливанның солтүстігіндегі суннит фундаменталистерінен кең қолдау алуда. Ал христиандармен қосқанда, триполидегі үлесі 20 пайыздан аспайтын алавиттер керісінше Башар Асад үкіметінің одақтастары ретінде қимыл көрсетіп келеді.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «ИТАР-ТАСС»

Соңғы жаңалықтар