Кеншілер астанасындағы «Шахтер» стадионының жанында желтоқсанның 1-жұлдызынан бастап мұз айдыны жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ашық аспан астындағы сыранақта тұрғындар өз конькиімен келіп немесе оларды жалға алып, тебе алады.
Карантиндік талаптар қатаң сақталатын ашық мұз айдыны жұма күндері сағат 17.00-ден 22.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері сағат 12.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал мереке күндері және оқушылардың каникулы кезінде мұз айдыны сағат 12.00-ден 22.00-ге дейін ашық болады.
Бұл жердегі баға да қолжетімді: билет құны 300 теңге тұрады. Конькиді жалға алатын болсаңыз, 500 теңге төлейсіз. Ал өзінің конькиімен келген азаматтар тек кіру үшін ғана ақы төлейді. Бұдан бөлек, «Шахтер» стадионының аумағында автокөлікті тұраққа қою үшін 100 теңге төлеу қажет.
Саламатты өмір салтын серік еткен тұрғындар үшін конькиді жалға беру далада ұйымдастырылады. Сондай-ақ стадион аумағында сырғанаушылар үшін кофе-аппараттар орнатылған.
Қарағанды облысы