Облыс көлемінде өткізілген «Қауіпсіз жол» іс-шарасы кезінде облыс орталығындағы Назарбаев даңғылы бойында Лада-211440 автокөлігі тоқтатылады. Тексеру барысында 31 жастағы жүргізушінің автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны белгілі болды. Осыған байланысты оған Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қаралып, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.