Қызылордалық полицейлер бөтеннің мүлкін заңсыз иемденудің алдын алу, алаяқтық қылмыстарының жолын кесу, кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту бағытында тиісті жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтықтық жасаған 34 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Күдікті осы жылы мамыр айында облыс орталығындағы шағын аудандардың бірінен арзан пәтер алып беруге уәде етіп, бір қала тұрғынынан 130 мың теңге ақша алған. Алайда ақшасын алғанмен, уәдесінде тұрмаған.
Қазіргі таңда осы іске қатысы бар күдікпен ұсталған 1984 жылы туған жұмыссыз азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.