Осы жылдың 1 желтоқсанында патрульдік полиция қызметкерлері «Қызылорда-Павлодар» тасжолының 12 шақырымында жол ережесін бұзған шетел автокөлігін тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан ерекше иісі бар шөп салынған полиэтилен пакеті алынды. Сараптама қорытындысы оның 9 келіге жуық кептірілген марихуана екендігін анықтады.
Қазір 30 жастағы күдікті қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.