• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Желтоқсан, 2020

Қызылордада зауыттан қымбат вольфрам құрылғыларын ұрлаған азамат сотталды

254 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының тұрғыны сот үкімімен бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол өткен жылдың тамыз айында Қызылорда қаласындағы зауыттардың бірінен жалпы құны 3 млн 100 мың теңге  тұратын 11 дана  вольфрам  өзектерін ұрлап, оқиға болған жерден ізін суытқан.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің               188-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен   сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде анықталған күдікті сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жасаған қылмыстық әрекетін  мойындамаған. Дегенмен Қызылорда қалалық полиция басқармасының аға тергеушісі полиция  аға лейтенанты Нұржан Өмірзақтың кәсіби біліктілігі мен тағайындалған сот-сараптамаларының қорытындылары күдіктінің қылмыстық іс-әрекетін толығымен дәлелдеді.

Осылайша, қымбат вольфрам өзектерін ұрлаған күдікті заңға сәйкес жазасын алды.