Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына әлемдік сараптамалық қауымдастықтардың, ғалымдардың Еуразия экономикалық клубының құрметті профессорлары және Нобель сыйлығы лауреаттары Астаналық клубының мүшелері атынан көптеген құттықтаулар түсуде.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына әлемдік сараптамалық қауымдастықтардың, ғалымдардың Еуразия экономикалық клубының құрметті профессорлары және Нобель сыйлығы лауреаттары Астаналық клубының мүшелері атынан көптеген құттықтаулар түсуде.
Марк УЗАН,
жаңартылған Бреттон-Вудс комитетінің
атқарушы директоры.
Соңғы үш жыл ішінде мен, Назарбаев мырза, Сізбен кездесуге мүмкіндік берілген Астана экономикалық форумына қатысу құрметіне ие болдым. Мен Форум кезінде идея алмасудан үлкен ләззат алдым және осындай ауыр өтпелі кезеңде жаһандық қаржылық сәулет ісін реформалау қажеттігіне назар аударғаныңызға таңғалдым. Мен, сондай-ақ, Сіздің бүгінгі күн мен болашақтың мәселелерін шешу үшін бүкіл әлем бойынша қатысушыларды тартудың ең жақсы платформасы саналатын дағдарысқа қарсы бастамаңызға (G-Global) тәнті болдым.
Мен Сізді шын жүректен құттықтаймын және Сізге денсаулық, бақыт және сәттілік тілеймін. Келесі жылы өтетін Астана экономикалық форумында Сізбен кездесуді асыға күтемін.
* * *
Филипп Нобель,
Нобель халықаралық туыстық төрағасы,
Тогрул Багиров,
Нобель мұрасы Баку қорының төрағасы,
Густав Нобель,
Нобель сенімі Трастының төрағасы.
Еуразия қауымдастығы «Нобель халықаралық туыстығы, Нобель мұрасы Баку қоры, Нобель сенімі Трасты атынан біз Сізге 1 желтоқсан – тарих үшін төтенше маңызды күні ең жақсы тілектерімізді білдіргіміз келеді.
Еуразия экономикалық ғалымдар клубы қауымдастығының қызметіне және жыл сайын Астана экономикалық форумы жұмысына қатысудың өзі үлкен сәттілік, сондықтан біз Сіздің еліңіздің халықаралық қауымдастықтың бөлігі бола отырып, өркендеп келе жатқанына тек қана өз таңданысымызды жеткіземіз.
Жоғары мәртебелі, Сіздің осындай қысқа мерзімде қол жеткізген жетістігіңіз – ұлттық деңгейде ғана емес, халықаралық ауқымда маңызды іс. Біздің пікірімізше, Еуразия экономикалық ғалымдар клубы қауымдастығы осындай жетістікке қол жеткізу жолындағы маңызды құрал мен фактордың бірі болып табылады!
Біздің ынтымақтастығымыздың терең тарихы бар, сондықтан, Сіздің рухтандыратын басқаруыңызбен болашақта әрі қарай да өзара әрекеттестігімізді нығайтатынымызға кәміл сенеміз.
* * *
Ричард РОБЕРТС,
Психология және медицина бойынша 1993 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге байланысты Сізге және қазақ халқына ізгі тілегімді қабыл алуыңызды сұраймын.
Мен біздің болашақта қайта кездесуге мүмкіндігіміз болады деп сенемін.
* * *
Виллем КОК,
Мадрид клубының президенті, 1994-2002 жылдар аралығындағы Нидерланды Премьер-министрі.
Мен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының ұлттық мейрамын мерекелеуге байланысты өзімнің шынайы тілегімді білдіргім келеді. Мадрид Клубы мүшелері мен хатшылығы атынан мен Сізге және Қазақстан халқына мәңгілік амандық тілеймін және ұзақ жылдар бойы өркендеуіне тілектеспін.
Сондай-ақ, осындай маңызды күні маған сіздердің қонақжайлықтарыңыз бен барынша қолдау көрсеткендеріңізге алғыс білдіре отырып, өзімнің және әріптестерімнің атынан жыл сайын өткізілетін Астана экономикалық форумы және жаһандық жарылыстарға қарсы күресу үшін құрылған басқа да маңызды халықаралық бастамаларға ұдайы қатысатындығымызды жеткізуге рұқсат етіңіздер.
Мен біздің өзара тиімді және өнімді ынтымақтастығымыз әрі қарай нығая және тереңдей түсетініне сенемін.
* * *
Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ,
Қорғаныс министрі.
Құрметті Отан қорғаушылар!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын. Бүгін біздің армиямыз ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың үнемі қолдауының арқасында ТМД елдері әскерлері арасында көш бастады. Біздің Қарулы Күштеріміздің қуаты мен қауқары халықаралық жаттығуларда және 2013 жылы 7 мамырда өткізілген Жауынгерлік парадта кеңінен көрсетілді. Сіздер өздеріңіздің жоғары әскери шеберліктеріңізді, жауынгерлік өзара іс-қимыл танытудағы деңгейлеріңізді, іс жүзінде өз істеріңіздің кәсіби шебері әрі нағыз патриот екендіктеріңізді таныттыңыздар!
Біз Жоғарғы Бас қолбасшымыздың: «Қазақстандық әскери қызметші әрқашан патриотизмнің эталоны және жас ұрпаққа үлгі болуға тиіс», деген кеңесін есте сақтап, күнделікті басшылыққа алуға міндеттіміз.
Сіздерге және сіздердің туыстарыңызға денсаулық, бақыт және Отанымызға бейбіт аспан тілеймін!
* * *
«Нұр Отан» партиясының ресми порталы.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен барша қазақстандықтар мен нұротандықтарды шын жүректен құттықтаймыз!» деп жазады портал.
1991 жылғы 1 желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жалпыхалықтық сайлауы өткен еді. Сондықтан бәрімізге ортақ мерекеде Отанымыздың игілігі мен көркеюі жолында әрбіріңізге жемісті еңбек пен толағай табыс тілейміз. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, дендеріңіз сау, істеріңіз берекелі болсын, делінген хабарламада.