• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 03 Желтоқсан, 2020

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның Жоғарғы комиссары болып тағайындалды

537 рет
көрсетілді

ЕҚЫҰ-ның төрағасы және Албания премьер-министрі Эди Рама Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ұйымның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары болып тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Бізде жаңа басшыларды тағайындауға бәрі дайын екеніне қуаныштымын. Хельга Шмид бас хатшы, Маттео Мекаччи ДИАҚБ (Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро - авт. еск.) директоры, Тереза ​​Рибейро БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі болды.

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары болып тағайындалды", - деді Рама.

Қайрат Әбдірахманов Сыртқы істер министрлігін 2016 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін басқарған болатын.

Қ.Әбдірахманов елші ретінде әр жылдары Израильде, Австрияда, Словенияда жұмыс істеген. 2008-2011 жылдар аралығында ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болған. Бірнеше жыл бойы Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі қызметін атқарған.