Республикалық "Халық үні" ("Голос народа") жобасының қатысушылары Батыс Қазақстан облысына жергілікті тұрғындарға өздерінің әлеуметтік және заңдық мәселелерін шешуге көмектесу үшін келді, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұған дейін "Халық үні" жобасының жұмыс тобы Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында болып, тұрғындардың 46 өтінішін қарады. Оның ішінде 21 күрделі мәселе орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатысуымен шешу үшін хаттамаға енгізілді.
Жоба ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, құқық қорғаушы Айман Омарованың бастамасымен жүзеге асырылуда және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, "Altyn Qyran Foundation" қайырымдылық қоры, "Human Rights Lawyers" ҚҚ жобаның әріптестері болып табылады.
Батыс Қазақстан облысында халықпен кездесу Бөрлі ауданынан басталды, онда жобаға қатысушылар әлеуметтік мекемелерге барып, тұрғындармен кездесу өткізді. Көршілес Шыңғырлау ауданында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрбол Серікбеков және жоба авторы Айман Умарова азаматтарды қабылдады. Тұрғындар автомобиль жолдарын жөндеу, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету, БҚО-ның шалғайдағы ауылдарына мобильді және интернет-байланыс орнату, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, әлеуметтік нысандар салу және т. б. мәселелер бойынша өтініш білдірді.
Жалпы, жұмыс тобының қарауына Батыс Қазақстан облысының тұрғындарынан 25 өтініш келіп түсті. Барлық сұрақтар жұмыс қарауына алынды.
Президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айман Омарованың айтуынша, халық арасында кедергісіз коммуникацияны қамтамасыз ету жұмыстары жергілікті атқарушы органдармен байланыс орнатудан басталады.
"Біз бүгін әлеуметтік нысандарды аралап, халықпен кездесулер өткіздік. Бізге азаматтармен кері байланыс орнатып қана қоймай, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын көрсетіп, қоғамның түрлі салаларындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру қажет. Мәселелер бар және олар шешіледі. Олар қоғам мен мемлекеттік органдардың бірлескен күш-жігерімен шешіледі. Көптеген проблемалық мәселелер көтерілді. Кейбіріне сол жерде жауаптар берілді, ал мазмұны бойынша күрделі мәселелер мен сұрақтар ҚР Президенті Әкімшілігіне жіберілетін болады", деп мәлімдеді Айман Омарова.
Айта кетейік, бүгін "Халық үні" жобасы Орал тұрғындары мен жұртшылығына таныстырылады.