Баламалы қуат көздері энергетикалық тәуелділіктен құтқара ма? Оны тиімді пайдалану мен дамыту қаншалықты деңгейде жүргізілуде? Осы және бұл тараптағы өзгеде сауалдарға жауап іздеу мақсатымен 23 желтоқсанда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде халықаралық жиын өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz
"Білім берудің инновациялық дамуы, ғылымды қажет ететін өндіріс жәнебаламалы энергия көздері" тақырыбындағы онлайн режімдегі басқосуға отандық және шетелдік ғалымдар қатыспақ.
Конференция физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Айнагүл Ершинаның 70 жылдық мерейтойына арналып отыр.
Жиын жұмысы "GREEN ENERGY" – болашақ энергия көздері", "ХХІ ғасыр: ғылым, қоғам, экология" және "Заманауи білім беру: бүгіні мен ертеңі" бағыттары бойынша жүргізілмек.
Конференция материалдары электронды жинақ түрінде жарық көреді.
Ұсынылған мақалалар 2020 жылғы10 желтоқсанға дейін nauka_physics@mail.ru электронды адресіне жолдануы тиіс.
Конференция 23 желтоқсан күні сағат 10:00-де Zoom платформасында ашылады.
Идентификациялық нөмірі:238 141 9939. Коды: 1111.
Айта кетейік, Айнагүл Ершина 1971 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Физика-математика факультетін үздік бағамен және 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген.
А.Ершина 1995 жылдан бері жел энергиясын электр энергиясына айналдыратын жел электр қондырғыларын зерттеумен шұғылданады.