• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Желтоқсан, 2020

Тараз қаласында 72 жастағы қария коронавирустан айықты

224 рет
көрсетілді

Тараз қаласында 72 жастағы қария коронавирус індетінен құлантаза айығып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Тараз қаласының 72 жастағы тұрғыны Қаратау қаласында тұратын ұлына қонаққа келген. Коронавирус инфекциясының белгілері бірер күннен соң айқын біліне бастайды.

Дене қызуы жоғары көтеріліп, тамаққа тәбеті болмай, әлсізденіп жағдайы нашарлай берген. Науқас Талас аудандық орталық ауруханасының провизорлық стационарына шұғыл түрде жатқызылады.

Оған қоса, науқастың қант диабеті, артериялық гипертензия, панкреатит секілді қосалқы созылмалы аурулары болған. Жүргізілген емнен кейін де денсаулығы жақсармағандықтан, ақыры оны жансақтау бөліміне ауыстырады.

Дәрігерлердің жедел жүргізілген емдік шаралары мен дәрі-дәрмектің арқасында қария біраз уақыттан соң өзіне келіп, жазылып шығады.

"Бұл жағдайды бастан өткізбей, ешкім түсіне алмайды. Аурудың бар екеніне сенбей жүрген азаматтарға айтарым: салғырттық танытпаңыздар. Өзіңізді ойламасаңыз да, басқаларға зияныңыз тимесін. Мен көрген қиындықты ешкімнің басына салмасын деп тілеймін. Ең маңыздысы – бетперде тағып жүру керек. Өзімнің атымнан барлық дәрігерлер мен мейірбекелерге, шексіз ризашылығым мен алғыс білдіремін", дейді ол.