• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Желтоқсан, 2020

“Жүректен жүрекке” акциясы аясында 30 әскери-дәрігерлерге азық-түлік себеттері таратылды

114 рет
көрсетілді

«Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі Нұр-Сұлтан қалалық филиалы, ҚР ҚК әскери-патриоттық орталығының қолдауымен, «Жүректен-жүрекке мейірімділік сыйлайық» акциясы аясында, “Magnum” сауда-саттық орталығымен бірлесе отыра, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, ҚР қорғаныс министрлігі әскери медицина қызметкерлеріне 30 азық-түлік себеттері таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мұндай акциялар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Карантин уақытында, вирустың алдын алу жолында аянбай еңбек еткен дәрігерлерге барынша қолдау көрсету біздің қолымызда. “Жас сарбаз” қозғалысының мүшелері үшін ел ризашылығынан артық сый жоқ. Біз осындай игі істерді атқарудан ешқашан жалықпаймыз және барша жанашыр жандарды қатарымызға қосылуға шақырамыз.», - дейді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық ҚБ Нұр-сұлтан қалалық филиалының төрағасы Налшыбек Асхат Бағдатұлы.

Еске сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық шаралар өтіп жатыр. Эстафетаданың басты мақсаты қала мен оның тұрғындары үшін жақсылық жасау.