СҚО Тайынша ауданы полиция бөлімінің қырағы қызметкерлері Чкалов селосының маңындағы алқапта тұрған күдікті көлікті байқаған. Көлікті тексеру кезінде оның жүргізушісі мен екі жолаушысы қашып құтылмақ болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қашқындардың екеуі оқиға орнында, ал тағы біреуі келесі күні ұсталды. Көліктің жүксалғышынан ауылшарауашылық техникаларының қосалқы бөлшегі мен металл бұйымдар табылды. Аталған мүлік аудандағы ауылшаруашылық құрылымдардың біріне тиесілі екендігі, оны қаскөйлер терезе арқылы қоймаға еніп ұрлағаны белгілі болды. Күдіктілер – 19, 20 мен 25 жас аралығындағы аудан тұрғындары. Олардың ішіндегі жасы үлкені бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған.
Қазір олардың үстінен Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша іс қозғалып, міндетті келу түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді.