• RUB:
    4.99
  • USD:
    441.59
  • EUR:
    480.27
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Желтоқсан, 2020

"Қазақфильм" киностудиясы газға қосылды

282 рет
көрсетілді

"Қазақфильмде" киностудияның газға қосылуына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа жылу жүйесін іске қосудың құрметті құқығы киностудияның көркемдік жетекшісі, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов пен ҚР Еңбек сіңірген артисі Меруерт Өтекешеваға берілді.

Айта кетейік, құрылған күнінен бастап соляркамен жылытылып келген мекеме осынау ауқымды мәселені демеушілік көмектің арқасында шешкен. Қазіргі таңда 7 қазандық, түтін құбырлары мен сорғылар толығымен ауыстырылып, жылу жүйесін басқаруға арналған сүзгілер мен компьютерлік жабдықтар орнатылған. Бұл «Қазақфильмге» шамамен 100 млн.теңге үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр.