Семейлік фотограф Андрей Куряшкиннің құстар әлемін зерттеп, қанаттыларды суретке түсіріп жүргеніне бірнеше жыл болған. Таяуда ол Ертіс өзенінің аңғарында қоректеніп отырған таңшымшықты суретке түсіріп алған, - деп хабарлайды Egemen.kz
- Таңшымшық негізінен біздің өңірді мекен етпейді. Тіпті жаз кезінде де келмейді. Оны осы қала аумағынан көремін деп мүлде ойламаппын, - дейді А.Куряшкин.
Орнитологтардың айтуынша, алғаш рет бұл құс Семейде 1924 жылдың желтоқсанында көзге түсіпті. Екінші рет фотоаппарат объективіне 1950 жылы іліккен. Одан кейін көрінбей кеткен. Таңшымшық негізінен Тәңіртаудың солтүстік беткейінде көп кездеседі. Ал ұяны Жайық өзенінің аңғарына ғана салатын көрінеді. Қыста көбінесе суы қатпайтын өзендер мен бұлақтардың маңындағы бұталарды мекендейді.
Семей