• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Желтоқсан, 2020

Цифрландыру министрлігі интернеттің нашарлауына түсініктеме берді

254 рет
көрсетілді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркйсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов интернет қызметінің нашарлауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Бұл кибер жаттығуды біздің азаматтарға ыңғайсыздық туындамайтындай етіп өткізуге тырыстық. Белгілі бір ыңғайсыздық туындағаны үшін кешірім өтінеміз. Әлбетте бұл шетелдік интернет-ресурстардың да қызметіне әсер етті. Неліктен дәл өткен аптаның демалысын таңдап алдық – себебі осы уақытта азаматтар барынша жұмыстан бос, жұмыс барысында жоқ», - деді Руслан Әбдіхалықов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.