• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Желтоқсан, 2020

Шетелден ұшып келетіндерге шектеу шаралары енгізілді

263 рет
көрсетілді

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 65 қаулысына сәйкес шетелден әуе рейстерімен ұшып келетіндерге бірқатар шектеу шарасы енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін барлық адамдар (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда) термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын, ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы (бұдан әрі – Анықтама) ұсынуға міндетті. Алып жүретін адамдарда Анықтама болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларға Анықтама ұсынылмайды. Дене температурасы қалыпты шектегі, анықтама берген, келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі, олар межелі жеріне жол жүруді жалғастырады. Дене температурасы жоғары келген адамдар, Анықтаманың болуына қарамастан, инфекциялық стационарда оқшаулауға жатады. Келген адамдарға сауалнама осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасының келген азаматтары Анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 3 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.