• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Желтоқсан, 2020

Сыр спортшыларының табысы

236 рет
көрсетілді

Қостанай қаласында грепплинг және грепплинг гиден ерлер мен әйелдер арасында өткен ҚР чемпионатында қызылордалық спортшылар жоғары дәрежеде өнер көрсетті.

Қызылордадағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубының спортшылары ел біріншілігінде 4 алтын, 1 күміс, 9 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 17 команда арасында 3 орын алды.

Әлем мықтыларымен түрлі додаларда шеберлік сынасып, ел мерейін асырып жүрген Ғани Әділсерік Қазақстан чемпионатында қарсыластарына дес бермей, шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, тұғыр биігіне көтерілді. Ал әйелдер арасында боз кілемге шыққан жерлесіміз Руза Дуктурбаева грепплингтің екі түрінен де жеңімпаз атанып, қоржынға қос алтын түсірді. Өз салмағында Арайлым Ханзада да алтын медальиеленді.

Жарыстағы жалғыз күміс жүлдені ерлер арасында сынға түскен Данияр Әбубәкіров алса, 9 жерлесіміз біріншіліктің қола жүлдегері болды.