• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Желтоқсан, 2020

БҰҰ қызылордалық шаруа қожалықтарына қолдау көрсетті

173 рет
көрсетілді

COVID-19 пандемиясынан туындаған жаһандық дағдарыс Қазақстанның оңтүстігіндегі майда шаруа қожалықтары үшін айтарлықтай қиындық тудыруда. Мысалы, биыл облыс фермерлері көршілес елден келген мигранттардың көмегінен айырылды. Су тапшылығы да олардың көп жобасын іске асыруына кедергі болды.

Осыған орай, БҰҰ жанындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы “Орталық Азия мен Түркияның құрғақшылыққа бейім және сортаңдалған ауылшаруашылық өндірісінің ландшафттарында табиғи ресурстарды кешенді басқару” жобасы аясында COVID-19-тен ең көп зардап шеккен шаруа қожалықтарына тегін жоңышқа тұқымы түрінде бір реттік көрсету туралы шешім қабылдады.

ФАО-ГЭФ аймақтық жобасының ұлттық командасы Кәсіпкерлер палатасы, Қызылорда облысы әкімдігі және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарымен бірлесіп, жергілікті жердегі жағдайды зерттеп, өңірдегі ең көп зардап шеккен фермерлер мен үй шаруашылықтарының тізімін жасады. Оған Сырдария, Шиелі, Жалағаш және Қазалы аудандары, сондай-ақ Қызылорда қалалық әкімшілігіне қарасты ауылдық округтердегі он төрт шаруа қожалығы кіріп отыр.  

Жалпы құны 4,2 млн теңгені құрайтын құрғақшылыққа төзімді жоңышқа тұқымдары БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының аймақтық жобасының ашық сатып алу рәсімдеріне сәйкес жарияланған ашық тендер арқылы сатып алынды.

Осыған орай өткен іс-шарада аймақтық жобалар үйлестірушісі Махмуд Шаумаров сапасы жоғары, құрғақшылыққа төзімді жоңышқа тұқымы  шаруа қожалықтары үшін үлкен қолдау екендігін атап өтті.

– Карантин жағдайында кәсіпкерлер, оның ішінде аграрлық сектордағылар қиын жағдайға тап болды және біз ИСЦАУЗР-2 жобасына қиын жағдайда уақытылы көмек көрсеткені үшін өте ризамыз, - дейді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Жасұлан Серіков.