Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанованың ақпаратына қарағанда, ауруханаларда жыл соңына дейін тағы 5 оттегі стансасы іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz
"Облыста 9 оттегі стансасын жасақтау жоспарланған болатын. Қазір 4 оттегі стансасы пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, облыстың медициналық ұйымдары 27 рентген, 4 МРТ, 12 компьютерлік томография аппараттарымен қамтамасыз етілді. Мұның бәрі – коронавирус инфекциясы мен коронавирустық пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтар", дейді Нина Оспанова.
Сондай-ақ медициналық ұйымдары дәрі-дәрмектің екі айлық қорымен қамтамасыз етіліп отыр. Коронавирус инфекциясын емдеуге арналған дәрілік заттардың 42 түрлі қоры жасақталды.