Петропавлдың полицейлеріне жемазық сатумен айналысатын бір кәсіпкер арызданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өзі бухгалтерлік есеп жүргізе алмайтын болғандықтан ол осындай қызмет көрсетеміз деген бір ұйымға қайрылған. Ұйымның қызметкері бәрін өзі істемек болып сендірген. Сөйтіп, салыққа төленуге тиісті 300 мың теңгені қолма-қол алған. Бұл қызмет өзіне ұнаған кәсіпкер артынан бірнеше рет осы қызметкерге қайрылған. Бірақ арада бірнеше ай өткенде өзінің салық берешегі бірнеше миллионға шығып кеткенін көріп шошып қалады. Сөйтсе... Бухгалтер деп сенген адамы салық үшін бұдан алған 8 миллионнан артық теңгенің бір тиынын да бюджетке төлемеген. Қазір жалған бухгалтердің үстінен «алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды.
«Күдікке ілінген 28 жастағы Петропавлдың әйел тұрғыны болып отыр. Қазір оның осындай басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», дейді Петропавл қаласы ПБ Тергеу бөлімінің бастығы, майор Нұржан Омаров.