• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
04 Желтоқсан, 2013

Бішкек қаласының әкімі отставкаға кетті

282 рет
көрсетілді

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласының әкімі Иса Өмірқұлов өз еркімен қызметін босатты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Бұл әрекет қозғалған қылмыстық іске байланысты деп болжауға болады. Шын мәнінде бұл олай емес», – деді қала басшысы Бішкектегі баспасөз конференциясында. Алайда, ол отставкаға кету себебін сол күйі ашып айтпады.

2 желтоқсанда Қырғызстан прокуратурасы Иса Өмірқұлов пен Бішкек әкімшілігіндегі кейбір шенеуніктерге қатысты қылмыстық іс қозғады. Олар жер қатынастары тралы заңды бұзғандары үшін айыпталуда.

Қырғызстан бас прокуратурасының деректері бойынша, Бішкек мэрі мен муниципалды қызметтердің кейбір жетекшілері түрлі заңсыз амалдар қолдану арқылы қаланың оңтүстігінде орналасқан Жеңіс саябағының аумағын 14 гектарға азайтып жіберген.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар