• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Желтоқсан, 2020

Іле Алатауында ер адам құтқарылды

237 рет
көрсетілді

Шымбұлақ тау-шаңғы кешені Алматы қаласының  туристері мен  қала тұрғындарының сүйікті орны. Халық арасында жүргізіліп жатқан ақпараттық-профилактикалық жұмыстарға қарамастан, көптеген азамат таудағы жүріс-тұрыс қауіпсіздігі ережелерін сақтамайды, деп хабарлайды Egemen.kz

Осылайша, 2020 жылдың 9 желтоқсанында түнгі сағат 00:30-да ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Шымбұлақ ТШК Медеу ауданында 3000 астам метр биіктікте, Чимбулачка өзенінің бойында 1955 жылы туған ер адам адасып кетті деген хабарлама келіп түсті. Ер адам "Малая кругосветка"  бағыты бойынша жүрген. Алайда, жауған қардың биіктігі 1 метр және тасты жолдан өту қиын болғандықтан, ол  жолдан шығып кеткен. Жолда өздігінен жүре алмай, тоңып, әлсіреп қалған. Осы сәтте адасқан ер адамға  құтқарушылардың көмегі қажет болған.

Оқиға орнына шұғыл түрде 6 құтқарушы, оның ішінде кинологиялық есебі бар Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы жолға шықты. Құтқару жұмысына 1 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

РЖҚЖ жедел тобы іздеу жұмыстарын бастады. Құтқарушы топ қар басқан, шалғай  ойлы-қырлы жерлерден өтіп, қоңырау шалған сәттен бастап бір сағат ішінде қатты гипотермия белгілері бар зардап шеккен адамды  тапты. Оған алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетті.

Қатты тоңып қалған  ер адамға  құтқарушылар ыстық шай, жылы киім берді. Зардап шегушіге шұғыл көмек көрсетіп, оны қауіпсіз жерге жеткізді. Құтқарушылардың жедел жұмысының арқасында ер адамның жағдайы қанағаттанарлық жағдайда.