• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2020

Тілсіз жау бір адамның өмірін жұтты

143 рет
көрсетілді

Кеше СҚО Қызылжар ауданындағы Архангелка селосында болған өрт үйді толығымен өрттеп қана қоймай үйде болған 80-нен асқан кейуананы ажал құштырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт сөндіруге Қызылжар ауданы Бескөл селосындағы және Петропавл қаласының өрт сөндірушілері 5 адам және 2 бірлік техника күштерімен қатысқанымен өртті дер кезінде құрықтай алмады.

Су алу «Иванов» ШҚ аумағында орналасқан 300 метр қашықтықтағы терең ұңғымадан жүргізілді. Бірақ бәрібір өрттің салдарынан үй толығымен жойылып, оның орнында 1939 жылы туған әйелдің денесі табылды. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.