• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2020

Жеті жыл іздеуде болған қылмыскер ұсталды

210 рет
көрсетілді

Петропавлдың полицейлері есірткі таратқан қылмысы үшін жеті жылдан астам уақыт іздеуде жүрген 61 жасар әйелді ұстады. Ол қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөліміне түскен жедел ақпараттың арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хабар беруші 2013 жылдан бері іздеуде жүрген әйелдің «Жұмысшы кентінде» жасырынып жүргені туралы айтқан. Осыдан сегіз жыл бұрын қалалық полицейлер «героин» есірткісін таратқан Петропавл қаласының бір тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеген. Тергеу барысында қылмысқа оның 1959 жылы туған анасының қатыстылығы да анықталды. Алайда тексеру барысында әйелдің үйінен белгісіз жаққа  жалтарып кеткен. Оған 2013 жылы іздеу жарияланған. Енді сол әйелдің хабары шығып отыр.

Петропавл қаласы ПБ бастығының орынбасары, полиция капитаны Жасұлан Балдиковтың сөзінше, тексеріс барысында әйелдің жүрген жері туралы жедел ақпарат расталды. Ол «Жұмысшы кентінің» орталығында орналасқан жеке меншік үйлердің бірінен ұсталды. Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында ол 2012 жылы Қостанай қаласындағы алыс туыстарына кеткенін айтты. Соңғы төрт жылда - Петропавлдың «Жұмысшы кентіндегі» туысының үйінде қайта тұра бастаған. Осы жылдары үйден ешқайда шықпай, тәртіп сақшыларынан тығылып жүрген. Айтуына қарағанда соңғы төрт жылда алғашқы рет танысының үйінен бір жұмысымен шығып, бірден полицейлердің қолына түскен. Бірақ оның бұл сөзі күмәнді. Осынша уақыт үйден шықпауы мүмкін емес. Егер жедел ақпарат беруші болмаса оның полицияның қолына түсуі де неғайбіл еді.

Қазір әйел Петропавл қаласы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, үстінен тергеу жүргізілуде.