• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2020

"Парасатты отбасы" байқауының жеңімпаздары марапатталды

424 рет
көрсетілді

М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінде облыстық білім басқармасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бірлесе ұйымдастырған «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Ардақ Ерсейітов, білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова қатысып, отбасы құндылығының маңыздылығы туралы ой бөлісті.

Байқау отбасындағы парасаттылық құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуды өскелең ұрпақтың бойына бала кезден қалыптастыруды көздейді.

«Парасатты отбасы» байқауының ІІІ орынды Арал ауданынан Әбдіжалеловтер отбасы иеленсе, ІІ орын Шиеліауданынан Абдурахмановтар отбасына бұйырды. Ал, І орынға Қазалы ауданы, Асқаровтар отбасы лайық деп танылды.

Сонымен бірге бірнеше отбасы арнайы  номинациялармен  марапатталды.