Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай ұымдастырылған "Әйел – қоғам тірегі" атты кездесуге қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыста экономикалық белсенді халықтың үлесі 452 мыңнан аса, оның ішінде 217 мыңнан астамы әйелдер. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің 87, педагогтардың 73, жалпы бюджеттік сала қызметкерлерінің 60 пайызын өыз-келіншектер құрайды.
Облысымызда 54 157 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген болса, олардың арасында әсер әйелдердің де үлес айтарлықтай. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы және «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 95 кәсіпкер әйелге төмен пайызбен несиелер берілді.
Бизнеске көпбалалы аналар да тартылуда. «Еңбек» бағдарламасы бойынша бизнес-идеяларды іске асыруға 602 көпбалалы ана грант алды.
Кездесу барысында облыстың құрметті азаматы, «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алмагүл Божанова, облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова, «Бойтұмар - Ханым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Рахима Ахметова, облыстық Іскер әйелдер Ассоциациясының төрайымы Манат Алмашева, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, «Сыр аналары» қоғамдық қорының құрылтайшысы, «Тілдерді оқыту орталығы» МКҚК директоры Нұрсауле Мұсаева, облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі төрайымының орынбасары, «Beauty academy by Dinara Almussayeva» әсемдік мектебінің директоры Динара Алмусаева, «Сәт сервис» ЖШС директоры Роза Иманова, «Казспецстройэкспертиза» ЖШС директоры Гүлзагира Әбдірайымова, «Ас-Ка» ЖШС директоры Дана Махатова, «Қызылорда» оптомаркетінің құрылтайшысы Нейля Жусупова, жеке кәсіпкерлер Ақмарал Әлібаева, Гүлдана Бисенова, Жанат Тоқмейілова, Ұлбазар Әбілда және көпбалалы ана Әсем Баймаханова облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Шараға қатысушылар әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі ролі, отбасы құндылығын насихаттау және жас отбасылардың арасындағы ажырасулардың алдын-алу бағытындағы жұмыстар, көпбалалы аналарға беріліп жатқан қолдаулар, қарапайым заттар экономикасы, аграрлық сектордағы әйелдер бірлестігі және басқа да маңызды мәселелер туралы айтып, пікірлерін білдірді.
Айта кетейік, кездесуде кәсіпкер қыз-келіншектер жасаған өнімдерден көрме ұйымдастырылды.