• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2020

Гуманитарлық көмек қоғам бақылауында

289 рет
көрсетілді

Қызылордаға Израиль және Польша мемлекеттерінен 75 пульсоксиметр құрылғысы, 650 Tarsime, Azimycin дәрілік препараты және 20 дезинфекциялық құрал гуманитарлық көмек ретінде келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен айда да Қытай, Германия, Сингапур мемлекеттерінен және «Шеврон Мұнайгаз Инк-2» ЖШС-нен келген медициналық құрылғылар мен препараттар түріндегі гуманитарлық көмек арнайы дәрі-дәрмек қоймасына орналастырылған болатын.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері және қоғам белсенділері келіп түскен гуманитарлық көмектерді қабылдау барысына қоғамдық бақылау жүргізіп келеді.

Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.