• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Желтоқсан, 2020

«Алтын домбыра» иесін тапты

2292 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Абай тағылымы – Тәуелсіздіктің тірегі» атты республикалық ақындар айтысының ақтық мәресі өтті.

Аламан доданың қоры­тындысы бойынша бас жүлде Мұхтар Ниязовқа бұйырды. Бас жүлдені үшінші мәрте иеленген сөз шайырына Ал­тын домбыраны Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райым­құлова табыстады. Ал 1-орынды Бекарыс Шойбеков, 2-орынды Еркебұлан Қай­назар, 3-орынды Серік Қуан жеңіп алды.

Сондай-ақ Тәуелсіздік ме­рекесі қарсаңында дәстүрлі айтыс өнерінің дамуына үлес қосқан Дариға Мұштанова, Серік Ыдырысов, Ақмарал Леу­­баева, Әбілхайыр Сыз­ды­қов, Жібек Болтанова «Қа­зақ­стан Республикасы Мә­де­ниет саласының үздігі» төс­белгісімен марапатталды.

Айта кетейік, 3-4 қараша күндері айтыстың іріктеу ке­зе­ңіне қатысқан 10 жұптың, яғни 20 ақынның өнеріне баға берген қазылар алқасы жартылай финалға 8 ақынды (4 жұп) іріктеп алған еді.

Республикалық ақын­дар ай­тысының ақтық мәре­сіне ха­лықаралық және рес­­пуб­­­ликалық айтыстың же­ңімпаздары, «Ал­тын домбыра» иегерлері Мұх­тар Ниязов, Жансая Мусина, Бек­арыс Шой­­беков, Айбек Қа­лиев, Ер­ке­бұ­лан Қай­назар, Мейірбек Сұл­танхан, Қазырет Бер­діхан, Серік Қуанған қа­тысты. Сөз додасының қа­зылар ал­қасына Қа­­зақстанның Ең­бек Ері, КСРО халық әртісі, «Отан», «Құр­мет» ордендерінің ие­ге­рі Асан­әлі Әшімов төрағалық етті.

Коронавирус пандемия­сына байланысты айтыс кө­рер­менсіз өтті. Ал теле­ви­зия­­ға арналған нұсқасы «Қа­зақ­стан» Ұлттық телеарна­сынан көрсетіледі.