• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Сайлау 11 Желтоқсан, 2020

Сайлау заңнамасын сақтау маңызды

241 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев жетекші отандық бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен онлайн-форматта кездесті.

Іс-шарада бұқаралық ақ­парат құралдарының сайлау заңнамасын сақтау мәсе­ле­­лері талқыланып, сайлау заң­на­­масының бұқаралық ақпа­рат құралдары жиі бұза­тын бір­қатар нормасы тү­сін­дірілді және электоралды кезеңде оларға жүктелетін жауап­кершілік жөнінде айтылды.

Сонымен қатар БАҚ-та үгіт материалдарын төлеу шар­т­тары туралы ақпаратты ор­на­лас­тыру талаптары мен мер­зім­деріне қатысты сөз қозғалды.

Кездесу барысында сайлау заңнамасын бұзу статис­тикасы, сондай-ақ прокуратура органдарымен және басқа да құқық қорғау органдарымен қабылданған шаралар туралы аталып өтті.

Министрлік басшылы­ғы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге және бірлескен күш-жігермен елде ашық және әділ сайлау өткізуге ықпал етуге шақырды.

Сайлау кезінде Қазақстан Республикасында БАҚ пен журналистерге арнал­ған жадынамаға сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/101920?lang=kk