• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Желтоқсан, 2020

Кәсіпкерлікке барынша көңіл бөлу керек

488 рет
көрсетілді

Қызылордада қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәжілісте шаһар аумағындағы Тасбөгет және Белкөл кенттерінде жыл көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер қаралды. Тасбөгеттегі толымды тірліктерді баяндаған кент әкімі Семсер Сыздықов 11 ай көлемінде кәсіпкерлік субъектілер саны жаңадан 119 жеке кәсіпкермен толығып, іскерлер саны 1200-ге жуықтағанын айтты. Хабарламашы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасына сай кентте атқарылған жұмыстарды, жетістіктері мен көрсеткіштерін саралады.

Ал Белкөлде жол мәселесі толық шешіліпті. Кент әкімі Ардақ Ибраимов жарық бағаналарын орнату жұмыстары да жүйелі жүргізілгендігін айтты. Жыл басындағы есептік кездесуде Белкөл кентіне қарасты Бірқазан елдімекеніне кіреберіс жолының орташа жол жөндеу көтерілген еді, қазір бұл мәселе де шешімін тапқанын баяндады.

Қос кенттің көрсеткіштері мен тындырымды тірліктерін талдап,  жыл көлеміндегі жетістіктерін тыңдаған шаһар басшысы қала іргесінде Тасбөгетте мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отырған азаматтардың қатары әлі де аз екенін айтып, мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары бойынша тапсырысты түгендеп, ауыл шаруашылығын цифрландыру жұмыстарын жыл аяғына дейін аяқтауды тапсырды. «Бизнестің жол картасы 2020» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары арқылы Белкөлде бизнес бастаған азаматтар санының төмендігі байқалады. Осыны сынға алған шаһар басшысы кентте қылмыстың ашылуы мен айыппұлды өндіруге, санитарлық тазалыққа байланысты да кемшіліктердің барын атап өтті.

Қос басшыға да бірқатар сын-ескертпелер айтқан қала әкімі жұмыстарын ширатуды тапсырып, жыл аяғына дейін тапсырылған міндеттерді межелі орындап, көрсеткіштерді көтеруді жүктеді.