2013 жылғы 13 қыркүйек, Астана, Үкімет Үйі «Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы №125 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы №125 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы»;1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидалары бекітілсін.»;Көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларында:тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидалары»;1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«1. Осы Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабын және «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабын іске асыру мақсатында әзірленді.»;2-тармақта:бірінші бөлікте:1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«1) айырманы төлеу – алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем;»;5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – Қор) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;»;екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәті:1) Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – Заңның 11-бабының 1-2-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен күні;2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген күні;3) Заңның 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – Заңның 65-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдері тағайындалған күні;4) Заңның 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – Қазақстан Республикасынан тыс жерге кету ниетін немесе фактісін дәлелдейтін құжатты ресімдеу күні басталады.»;төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемін алу құқығына ие болу сәті зейнетақы жинақтарына алғаш рет өтініш берген күнге белгіленеді.»;5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:«Егер айырма төлеміне Орталықтан зейнетақы және өзге де төлемдерді алушы өтініш білдірсе, өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттар қоса берілмейді. Аталған адамның өтініші Орталықтан төленетін зейнетақы және өзге де төлемдер бойынша істер макетіне қосылады.»;9, 10, 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:«9. Орталық айырманы төлеу туралы өтінішті қабылдаған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде Қорға осы адамның жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыну туралы хабарлама жібереді.10. Қор сұрау келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамның зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәтіндегі зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді ЭЦҚ қоя отырып, Орталыққа электронды форматта ұсынады.11. Орталық Қордан мәліметтерді алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде қордан алынған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексеруді жүргізеді. Егер алушының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан аз болса, Орталық бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасының есебін жүргізеді.»;1, 2, 3, 4, 5-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі №955 қаулысына 1-қосымшаЗейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларына 1-қосымша
Зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтер
Өтінім № Салымшының Т.А.Ә Салым-шының туған күні Салым-шының ЖСН Бірінші рет алу күні Бірінші рет алу сәтіндегі зейнетақы жинақтарының сомасы Бірінші рет алудың себебі1 2 3 4 5 6 7
М.О. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының директоры_______________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә.) (қолы)Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының маманы _____________________________________________________________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә.) (қолы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі №955 қаулысына 2-қосымшаЗейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларына 2-қосымша
Инфляция деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпарат
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)__________________________________туған күні (кк.аа.жжжж)_____________________________________________ЖСН _____________________________________________________________Келіп түскен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы Келіп түскен міндетті зейнетақы жарналарының саны Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы
М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы ________________________ ________ (Т.А.Ә.) (қолы)ЗТМО бөлімшесінің маманы ______________________________ ________ (Т.А.Ә.) (қолы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі №955 қаулысына 3-қосымшаЗейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларына 3-қосымша
Ауданның коды__________________Қазақстан Республикасы_________________________облысы бойыншаБақылау және әлеуметтік қорғау департаменті
ӨтінішАзамат ____________________________________________________________(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толық)Туған күні 19___ ж. «___»______________,_____________________________мекенжайында тұратынбанктегі шотының № ___________ Банк филиалының №__________________Байланыс бөлімшесінің №__________________Менің ЖСН _______________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: №_____________________________Кім берді_________________ Берілген күні_____________________________
Маған зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындауды сұраймын.Орталық бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы үшін жауапты боламын.Орталыққа бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерге сұрау салуды өтінемін.Берілген күні_______________ Өтініш берушінің қолы___________________Азамат___________________________________________________өтініші20___ ж. «____» №____________ қабылданды.Құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:_______________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі: Р/с № Құжаттың атауы Құжаттағы парақтар саны Ескертпе
_____________________________________________________________ (қию сызығы)Азамат____________________________ өтініші №__________болып тіркелді.Құжаттарды қабылдаған күн_____________________Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:____________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі №955 қаулысына 4-қосымшаЗейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларына 4-қосымша
Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін алушының ісі
Инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін алушының ісі№_____________Қазақстан РеспубликасыОблыс Қала (аудан) Телефоны Тегі Аты Әкесінің аты (болған кезде) Жеке зейнетақы шоты Банк филиалы Банктік шоты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі №955 қаулысына 5-қосымшаЗейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларына 5-қосымша
Коды______________________________________облысы бойыншаБақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің20___ жылғы «____» ______________ №______ шешіміІс №____________Зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасын тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы)Азамат______________________________________________________________Жынысы________ Туған күні 19___ ж. «____» ____________Өтініш берген күні 20___ж.«____»___________№__________1. Инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы ________________________________________________________теңге. (сомасы жазбаша)2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы _______________ __________________________________________________________теңгені құрайды.__________________________________________________________теңге. (сомасы жазбаша)3. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1-тармағына сәйкес инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасы:__________________________________теңге мөлшеріндетағайындалсын.(сомасы жазбаша)4. Айырма төлемінің сомасын тағайындаудан бас тартылсын _____________________________________________________________________________________________________________________________(негіздеме)М.О. Департамент директоры____________________________ ________ (Т.А.Ә.) (қолы)Басқарма (бөлім) бастығы______________________________ ________ (Т.А.Ә.) (қолы)Тағайындау жөніндегі маман____________________________ _________ (Т.А.Ә.) (қолы)Шешім жобасы дайындалды:М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы__________________________ ______ (Т.А.Ә.) (қолы)ЗТМО бөлімшесінің маманы________________________________ _____ (Т.А.Ә.) (қолы)