2013 жылғы 14 қыркүйек, Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Ресиубликасы Үкіметінін 2004 жылғы 28 қазандағы №1111 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №40, 522-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім жәнеғылым министрлігі туралы ережеде: 16-тармақта:орталық аппараттың функцияларында:мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) білім беру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;»; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) баланың қүқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іскеасыру;»;мынадай мазмұндағы 63-1) тармақшамен толықтырылсын:«63-1) баланың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушыоргандарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзегеасыру;»;ведомствоның функцияларындағы 55) тармақша алынып тасталсын.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.