Өскемен қаласының басшысы өзінің Instagram желісінде жаңа орынбасары ретінде Денис Федченконы тағайындағанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
"Коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша қала әкімінің жаңа орынбасарын таныстырғым келеді. Бүгіннен бастап бұл лауазымға Денис Федченко тағайындалды", дейді шаөар басшысы.Денис Викторович – Өскемен қаласының тумасы. 14 жылдан астам уақыт коммуналдық секторда жұмыс істеген. "Өскемен Тәртіп" коммуналдық кәсіпорнының басшысы болған кезде қалалық ортаны күтіп ұстау мен дамыту бойынша мәселелермен жете танысты.
Соңғы жылдары Денис Викторович Аумақтық басқару орталығы (КМС) басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып, барлық филиалдардың жұмысына жетекшілік етті. Бұл қызметте ол тұрғындармен жұмыс істеуде алдыңғы қатарда жүрді. Қаланың әр ауданының қажеттіліктерін зерттеп алды.
Оның осы үлкен тәжірибесі ведомствоға бағынышты сектордың барлық мекемелері мен қызметтерінің жұмысын тиімді ұйымдастыруға септігін тигізеді деген ойдамын.Лауазымдық міндеті бойынша Денис Викторович құрылыс, сәулет, жер қатынастары, ТҮКШ, қоғамдық көлік және автомобиль жолдарына қатысты мәселелерге жетекшілік етеді.