2013 жылғы 16 қыркүйек, Астана, Үкімет Үйі«Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралықжәне ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2013 жылға арналған қаражатты бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №113 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:«Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2013 жылға арналған қаражатты бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №113 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:көрсетілген қаулыға қосымшада:«5.1.5-мақсат. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды азайту» деген бөлімде:реттік нөмірі 1-жолдағы «10 610 048» деген сандар «10 714 048» деген сандармен ауыстырылсын;реттік нөмірі 2-жолдағы «883 146» деген сандар «1 189 741» деген сандармен ауыстырылсын;«5.1.6-мақсат. Пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейін төмендету» деген бөлімде:реттік нөмірі 1-жолдағы «1 163 168» деген сандар «847 029» деген сандармен ауыстырылсын;«Барлығы» деген жолдағы «16 451 741» деген сандар «16 546 197» деген сандармен ауыстырылсын.2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.