13 желтоқсан күні 6 сағат 27 минутта 101 пультіне Қызылорда – Жезқазған тас жолы бойында КамАЗ автокөлігі жанып жатқандығы жөнінде хабарлама түсті, деп жазады Egemen.kz
Аталған шақырту бойынша оқиға орнына Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің жеке құрамы жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізді. "Азимут" ЖШС-не қарасты пропан тасымалдайтын 12 тонналық "MAN" маркалы автокөлігінің алдыңғы бөлігі жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылының арқасында Шымкент қаласынан Ақшабұлақ кен орнына жолға шыққан автокөліктегі 12 тонна пропанның жарылуына жол берілмеді. 7 сағат 00 минутта тілсіз жау толығымен жойылды. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Қазір өрттің шығу салдары мен шығынын анықтап жатыр.