• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Желтоқсан, 2020

Қызылорда облысында 89 жоба жүзеге асырылды

246 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында 2023 жылға дейін экономика саласын дамыту мақсатында құны 271 млрд теңгені құрайтын 265 жоба жүзеге асырылады. Биылдың өзінде 89 жоба іске қосылып, 1035 жұмыс орны ашылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Ринат Құдайбергенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы жылдың маусым айында тұралап қалған кәсіпорындар жағдайына талдау жүргізіліпті. Осының нәтижесінде тығырыққа тірелген 46 кәсіпорын анықталған. Оның 19-ы өңдеу, 14-і ауыл шаруашылығы, төртеуі өнеркәсіп саласында болса, қалған тоғызы құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орны.

«Бүгінде аталған 46 кәсіпорынның 12-і қайта іске қосылды. Қалғанына мемлекеттік бағдарламалар және басқа да қаржы институттар арқылы қолдау көрсетілуде», деді Ринат Мәжитұлы.